Бүгінде "Монтажпроект" ЖШС төмендегілерді ұсынады:
15.07.1995 ж. №000421 ГСЛ мемлекеттік лицензиясына және 22.06.2012ж. қосымшаға сәйкес І-санаттағы жобалау қызметінің біліктілігімен.
· Тұрғын үй-азаматтық және өндірістік бағыттағы нысандарды сәулет-құрылыс және технологиялық жобалау, соның ішінде:
· Сәулет-құрылыс жобалауының барлық кезеңдері, соның ішінде қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды жобалау.
· Нысандардың бас жоспарлары, жайластыру және құрылысты ұйымдастыру жобалары, кірме автомобиль және темір жолдары.
· Өнеркәсіп, құрылыс материалдары кәсіпорындарын, уатқыш-сұрыптау цехтарын, металл құрылмалары зауыттарын, өнеркәсіп базаларын, мұнай-газ кен орындарын жайластыру нысандарын, жөндеу-механикалық шеберханалар мен автокөлік кәсіпорындарын технологиялық жобалау.
· Темір бетон құрылмаларын, іргетасы мен табанын есептеу және құрылымдау, металл құрылымдардың сызбаларын әзірлеу (күрделі инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлар мен сейсмикалығы көтеріңкі аудандарында тұрғызылатын)
· Инженерлік жүйелер мен тораптарды жобалау
· ТЭН дайындау, инвестицияларды негіздеу және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу
· Жобалардың арнайы бөлімдерін (қоршаған ортаны қорғау, өрт-қорғану дабылнамасы, нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігі) орындау.
"Қазхиммонтаж холдинг" АҚ құрамына кіре тұра және тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес, "Монтажпроект" ЖШС нысандарды жобалауды және «сақадай сай» соғуды ұсынады.