Здесь нашел интересный обзор

 

Офис ТОО             2006 жылы «Монтажпроект» Ашық акционерлік қоғамы Жауапкершілігі шектеулі Серіктестігіне қайта құрылған болатын және ол 1972 жылдан бері жұмыс істеп келген ҚазКСР Минмонтажспецстрой жобалау-құрастыру және технологиялық институтының құқықтық мирасқоры болып табылады. 2001 жылы «Монтажпроект» «Қазхиммонтаж холдинг» АҚ-ның еншілес кәсіпорнына айналады.

1995 жылғы 15 шілдедегі №000421 Мемлекеттік лицензия және 22.06.2012 жылғы І-санаттағы лицензияның қосымшасы, сондай-ақ, ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесіне Сәйкестік сертификаты және ҚР СТ ИСО 1401-2006 экологиялық менеджменті негізінде, "Монтажпроект" І, ІІ және ІІІ жауапкершілік деңгейдегіғимараттар мен құрылыстардың, инженерлік жүйелер мен желілердің сәулет-құрылыс жобалауын, өндірістік бағыттағы, тау-кен, мұнай химиялық және мұнай өңдеу, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй-азаматтық бағыттағы нысандардың технологиялық жобалауын жасайды, сондай-ақ, жобаларды техникалық сүйемелдейді.

Институт Қазақстанның барлық өнеркәсіп өңірлеріндегі энергетика, металлургия, мұнай-химия және отын-энергетика кешеніндегі кәсіпорындардың; сондай-ақ, азаматтық бағыттағы нысандардың құрылысы және олардың қайта құрылуы кезінде металл құрылмалардың, жабдықтардың, инженерлік желілердің монтажы жасалған жобаларды дайындаған болатын. Солардың қатарында «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «КАТКО» БК ЖШС, «ЮСКО Логистикс Интернешнл» АҚ, «Хенкель Баутечник Қазақстан» ЖШС нысандары, сондай-ақ, «Samsung Engineering» ЖШС, «VICAT» тобы, «China TriumphInternational EngineeringCO.,LTD», «Sinoma» корпорациясы, «Элтикон» ЖАҚ-мен бірлесіп жасалған нысандары.

Жобалау жұмыстарының табысты орындалуы білікті мамандардың болуымен, толығымен техникалық жасақталуымен, нормативтік және мұрағат құжаттамасымен қамтамасыз етілуімен жағдай жасалды.